
Ыстанбұл жағалауында түріктің балық аулайтын кемесі ресейлік танкермен соқтығысты, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.
Үш адам құтқарылды. Із-түзсіз жоғалған тағы үш адам іздестіріліп жатыр.
Ыстанбұл губернаторы әкімшілігінің мәліметінше, оқиға жергілікті уақытпен 06:35-те Кильёс кентіндегі су айдынында болған.
Ресейлік GLARD-2 танкері Түркияның Dursun Ali Coşkun балық аулайтын кемесімен соқтығысқан.

