Фото: ҚР Президентінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Беларусь Президенті Александр Лукашенконың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың Telegram-арнасына сілтеме жасап.
"Жақында Беларусь Республикасының Президенті Александр Григорьевич Лукашенко Қазақстанға одақтас мемлекетке кіруді ұсынды. Мен оның әзіліне лайықты баға бердім. Менің ойымша, бұған ешбір қажеттілік жоқ. Өйткені басқа интеграциялық бірлестіктер, соның ішінде, ең алдымен, Еуразиялық экономикалық одақ бар.
Ядролық қаруға келетін болсақ, бізге бұл қару қажет емес. Себебі біз Ядролық қаруды таратпау туралы шарт пен Ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы шартқа қосылдық. Біз осы халықаралық құжаттар аясындағы міндеттемелерге адал болып қала береміз", – деді Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен кездесуінде.
Еске салайық, бұған дейін Александр Лукашенко Қазақстан мен басқа да мемлекеттер Беларусь-Ресей одағына кіре алатынын айтқан болатын.
"Сонда барлығына ортақ ядролық қару болады", - деді Лукашенко.