Нұр-Сұлтанда қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
ҚМА елордалық департаменті World Business Consulting қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
"Тергеу органы қаланың сенгіш тұрғындарымен түрлі сипаттағы инвестициялық бағдарлама келісімдерін жасап, ойдан шығарылған инвестициялық жобаларға қаражат салуды ұсынған тұлғаларды анықтады. Бұл ұйым өзін портфельдік инвестиция және қаржылық кеңес ұсынатын халықаралық қаржылық және аналитикалық компания ретінде көрсетеді. Департаментте қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр", - делінген хабарламада.