29 нау, 2022 сағат 11:16

Тоғжанов «Pfizer»-ді жаппай қолдану мен Қайрат Боранбаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді


ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстан аумағында «Pfizer»-ді қолдану аясының кеңеюіне Қайрат Боранбаевтың ұсталуының еш қатысы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Pfizer» екпесін қазақстандықтардың жаппай салдыруына жол ашатын шешім шыққан еді. Мұның Қайрат Боранбаевтың ұсталуы әсер еткен жоқ па», - деп сұрады БАҚ өкілдері Үкімет отырысынан кейін вице-премьер Ералы Тоғжановтан. 

«Оның ешқандай қатысы жоқ. Ол азаматтың (кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың - ред.) компаниясы "Спутникпен" байланысты ғой. Сондықтан «Pfizer»-ге ешқандай байланысы жоқ. Бүгін бізде «Pfizer»-дің 2 миллионнан астам дозасы бар. Оны азаматтардың толықтай алуына мүмкіндігі бар. Онымен қоса бізде Қытайдың вакцинасы да жеткілікті. Әлі 2 миллионға жуық дозасы бар. Онымен қатар өзіміздің вакцина бар. Ай сайын 500 мың доза шығып жатыр. Сондықтан қазір азаматтарға үш түрлі вакцина бойынша толықтай мүмкіндік беріп отырмыз», - деді Ералы Тоғжанов.