Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Е.Баттақов бағаны тұрақтандыру бойынша шаралар қабылданып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Бағаны тұрақтандыру құралдарын жетілдіру мақсатында жаңа тәсілдерді әзірлеп жатырмыз. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың сатып алу көлемін ұлғайтып, үш бағыт бойынша тауар бөлінісінде азық-түлік сатып алуды ұсынамыз.
- Бірінші: ұзақ мерзімді сақтау тауарларын тұрақтандыру қорына тікелей және форвард сатып алуы арқылы сатып алу жүргізуді ұсынамыз.
- Екінші: "айналым схемасы" шеңберінде көкөністерді, етті, сүт өнімдерін және күнбағыс майын сатып алу жүргізіледі.
- Үшінші: ұн, нан және рожкилер өндірісін арзандату үшін бидайды "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ арқылы сатып алу ұсынылады", - делінген хабарламада.