Вера Ким. Фото: t.me/AMANATPartiyasy
Вера Ким қайтадан Мәжіліс депутаты болып, Экологиялық мәселелер және табиғатты пайдалануды басқару комитеті құрамына енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында комитет басшысы Еділ Жаңбыршин мәлім етті.
"Жолданған өтінішке сәйкес, Экологиялық мәселелер және табиғатты пайдалануды басқару комитетіне Мәжіліс депутаты Ким Вера Александровнаны сайлауды ұсынамыз. Қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз", - деді Жаңбыршин.
Депутаттар Кимнің кандидатурасын бірауыздан қолдады.