29 шіл, 2022 сағат 11:37

Валюта бағамы Қазақстандағы дәрі-дәрмек бағасына әсер етті


Қазақстандық дәріханаларда Украина мен Ресейден әкелінетін, бұрын қолжетімді болған дәрілердің кейбірін сатылымға шығаруда қиындық тудырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Алматы дәріханаларында аспаркам препаратының болмауына байланысты мәселе туындады. Қазақстандықтар валидол және корвалол сияқты украиналық препараттарды белсенді қолданады. Сондай-ақ, Қазақстан фармацевтика нарығына қатысушылар мәліметінше, Қазақстандағы дәрі-дәрмек бағасына валюта бағамы әсер еткен.

Aqniet Group ЖШС PR-менеджері Мадина Уразмбетованың айтуынша, Украинадағы шиеленістің басынан бастап, яғни ақпанның аяғынан бастап "Фармак", "Интерхим" және басқа да ірі фармацевтика зауыттары өз қызметін тоқтатқан, тиісінше бұл Украинадан жеткізілімдердің күрт тоқтауына әсер етеді.

"Қазір жағдай жақсарып, жеткізу біртіндеп қалпына келеді, бірақ әлі толық емес. Украинадан жеткізілетін ең танымал дәрі-дәрмектер - валидол, корвалол. Ресей Федерациясынан - тұз ерітінділері", - деді Мадина Оразымбетова.

Сарапшылардың пікірінше, Ресей мен Украинадағы оқиға тек жеткізілімге, ал дәрі-дәрмектің қымбаттауына әлемдегі геосаяси жағдайға байланысты валюта бағамы әсер еткен.

"Біз дәрілік заттар өндірісінің құрамдас бөліктері еуропалық субстанция негізінде жасалады деп есептейміз. Сондай-ақ, ұлттық валютаның рубльге (Ресейден жеткізілім) және долларға (Украинадан жеткізілім) қатысты әлсіреуі әсер етті. Өйткені, валюта бағамының мұндай өзгерістері сатып алу бағасының қымбаттауына әсер етеді. Сонымен қатар, белгілі бір дәрі-дәрмектердің шекті бөлшек сауда бағаларын мемлекеттік реттеу бар, олардан жоғары сатуға тыйым салынады. Осылайша, пандемия кезіндегідей, дәрі-дәрмектерді сатып алу бағасы дәріханаларда сатылатын бағадан жоғары болуы мүмкін. Сондықтан дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі немесе болмауы тек ресейлік немесе украиндық өндірістен емес", - деді ол.

Дәрі-дәрмектерді жеткізудегі мәселелерді фармацевтика дистрибьюторлар қауымдастығы да растады.

"Украина аумағынан дәрі-дәрмек жеткізуде осындай проблема бар. Бұл мәселе түсінікті, бұл Украина аумағындағы әскери операцияларға байланысты, дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісі жұмыс істемейді. Ресей Федерациясы аумағынан келетін препараттарға келетін болсақ, мәселе рубльдің теңгеге шаққандағы нығаюына көбірек байланысты, бұл жағдай бойынша бірнеше рет хат жаздық, бірақ тиісті жауап алған жоқпыз. Сондай-ақ, Ресей Федерациясының өндірісі экономикалық санкцияларға байланысты дәрі-дәрмек өндіру үшін белсенді ингредиенттерді қажетті мөлшерде ала алмайды", - деді Фармацевтикалық дистрибьюторлар қауымдастығының атқарушы директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Науан Жанғабылов.

Сарапшылар тұтынушыларға тапшы дәрілерді балама дәрілермен ауыстыруды ұсынады.

"Біз серіктестеріміз - өндірістік зауыттармен келіссөз жүргізіп жатырмыз, жеткізу бағасын төмендетуді сұраймыз. Сондай-ақ, пациенттер жетіспейтін дәрі-дәрмек бойынша дәріханаларға хабарласқанда, фармацевтер бар балама дәрілерді ұсынады. Шекті баға мәселесі өзекті күйде қалып отыр. Бұл мәселе пандемия басталғалы бері күн тәртібінде тұрғанымен, әлі шешімін таппай келеді. Дәріхана бизнесі, басқалар сияқты, жұмыс істей алмайды. Егер бөлшек саудадағы шекті бағалар сатып алу бағасынан төмен болса, көптеген дәрі-дәрмектер дәріхана сөрелерінен мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Бұл үшін барлық алғышарт қазірдің өзінде бар", - деп қосты ол.

Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманова қазақстандық нарық пен медициналық ұйымдарды өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

"Денсаулық сақтау министрлігі, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті фармацевтикалық бірлестіктермен бірлесе отырып, халық сұранысқа ие өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектерден құр қалмауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Мысалы, биыл шілдеде "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (245-бап, 7-тармақ) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері шеңберінде фирмалық атауы бар дәрілік заттың шекті бағасын тіркемей, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру арқылы дәрілік заттарды сатып алу мүмкіндігіне қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заң қабылданды. Бұл шешімге тұрақсыз экономикалық жағдай мен валюталық құбылмалылық жағдайында медициналық ұйымдардың дәрі-дәрмек сатып алуда қиындықтар туындағаны себеп болды. Нәтижесінде Үкіметтің 2022 жылғы 18 шілдедегі № 501 уақытша қаулысы бекітілді. Енді медициналық ұйымдар дәрілік заттарды фирмалық атауы бойынша тіркелген бағасыз сатып ала алады. Осы бұйрық 2022 жылдың 3 қыркүйегіне дейін жарамды. Бұл дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудегі үзілістерді болдырмауға көмектеседі", - деді Марина Дурманова.