23 қар, 2024 сағат 13:03

Жетісу облысында 100-ден астам адам «банк қызметкерлеріне» алданған

Фото: Pexels.com

Жыл басынан бері интернет-алаяқтар жетісулықтарды 516 млн теңгеден астам шығынға ұшыратқан, деп хабарлайды Qazaqstan.tv.

119 азамат өзін банк қызметкерімін деп таныстырғандарға алданса, тағы 100-ден астам адам интернет хабарландыруларға сеніп тауар, қызметі үшін алдын ала төлем жасап қомақты қаражаттан айырылған. 

Полицейлер биыл тіркелген 341 қылмыстың 18%-ын ғана ашқан.

"Олар Telegram арнасында криптовалютаға арналған шоттарды сатуға арналған жарнаманы тауып Tokaev obnal, Starline, Joker obnal, «Джордж Оливер» телеграм каналдарымен жұмыс істеген. Жоғарыда аталған тұлғалардың әрбірі телефонына (атына 7 банктік өтінімді жүктеп алған) түскен соманың 20%-ын, яғни есепшоттар арқылы күніне орташа есеппен 4 млн теңге алып отырған", — деді Жетісу облысы ПД КПБ аға жедел уәкілі, полиция капитаны Ернат Серікханұлы.