18 нау, 2022 сағат 20:05

Вакцина паспорты Қазақстанда жарамды деп танылған елдердің тізімі жаңарды


ҚР бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация құжаттары жарамды елдердің тізімі жаңарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасында COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация паспорттарын/сертификаттарын/анықтамаларын тану туралы» ҚР бас санитар дәрігерінің 2021 жылғы 26 қазандағы № 48 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін», - делінген құжатта. 

Жаңартылған тізімде аңартылған тізімгее 30-дан астам мемлекет кіріп отыр.

«Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құжаттардың үлгілеріне сәйкес Аргентина Республикасында, Белизде, Боливия мемлекетінде, Бразилия Федеративтік Республикасында, Ұлыбританияда, Мажарстанда, Грузияда, Индонезия Республикасында, Иран Ислам Республикасында, Иорданияда, Испания Корольдігінде, Канадада, Қырғыз Республикасында, Мальдив Республикасында, Моңғолияда, Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Молдова Республикасында, Перу Республикасында, Сан-Марино Республикасында, Сербия Республикасында, Тунис Республикасында, Үндістан Республикасында, Филиппин Республикасында, Таиландта, Түркия Республикасында, Өзбекстан Республикасында, Черногория Республикасында, Чех Республикасында, Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасында, Эквадор Республикасында, Эстония Республикасында және Жапонияда берілген азаматтардың КВИ-ге қарсы вакцинация паспорттары/ сертификаттары/ анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын», - деп жазылған қаулыда.

Құжаттың толық мәтіні мен Қазақстан аумағында жарамды деп танылған вакцинация паспорттарының үлгілерін мына сілтемеден көруге болады.