21 сәу, 2022 сағат 18:57

Вагит Алекперов "Лукойл" басшысы қызметінен кетеді


Вагит Алекперов "Лукойл" компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі, президент ретіндегі өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

""Лукойл" президенті және директорлар кеңесінің мүшесі В.Ю. Алекперов компаниядағы өкілеттіліктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайтынын хабарлады, – делінген материалдарда.

Компанияның директорлар кеңесінің төрағасына тиісті хабарламалар жіберілгені атап өтілді.

2022 жыл 31 наурыздағы жағдай бойынша, Алекперов "Лукойл" акцияларының 3,12 пайызына ие болды және компанияға билік етті. 

"Лукойл" - Ресейдегі мұнай өндіру көлемі бойынша екінші орында тұрған ресейлік мұнай компаниясы.