сурет ашық дереккөзден алынды
Ақтөбеде жалған ұйым арқылы бюджет қаражатын ұрлау дерегі анықталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
"ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті ЖШС атынан жұмыстарды, қызмет көрсетуді және тауарларды жөнелтуді нақты орындамай, шот-фактураларды жазып беру фактісі бойынша сотқа дейінгі өндірісті тіркеді.
Облыстық МКД қорытындысына сай контрагент-сатып алушының бюджетке төлеуі тиіс шығыны 164 млн теңгеден асты.
Тергеу барысында анықталғандай, аталған ЖШС тіркеу орнында жоқ, ал құжат бойынша басшысы Авдонин Ю.В. қазіргі уақытта қиын өмірлік жағдайдағы адамдарды әлеуметтендіру орталығында тұрады және серіктестіктің қаржы-шаруашылық қызметіне еш қатысы жоқ екенін көрсетті", - делінген хабарламада.
ЖШС мемлекеттік тіркеуі сот шешімімен жарамсыз деп танылған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"Жалған шот-фактураларды жазу, бюджет қаражатын ұрлау және қаржы пирамидалары сияқты қылмыстардың түрлері жасанды интеллект элементтерін қолдану арқылы анықталады. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды және адал бизнесті заңсыз араласудан қорғауды қамтамасыз етеді", - деп толықтырды ведомство.