Жангелдин ауданында тұрғын үй ішінде газ баллоны жарылып, 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 15 желтоқсан күні Торғай ауылында болған. Соңғы мәлімет бойынша Байқадам көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылған.
«Сағат 21:00 шамасында аудандық ауруханаға бес адам жеткізілді. Олардың арасында үш баланың денесін 40%, ал 22 және 34 жастағы ересек адамдардың денесін 70% күйік шалған. Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен Жангелдин ауданында төтенше жағдайға байланысты штаб құрылды. Өртте зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді (шокқа қарсы терапия, таңу, ауырсынуды басу). Өрт кезінде 4 адам көз жұмды. Оның ішінде жасқа толмаған екі сәби бар», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
17 желтоқсан күні өрттен зардап шеккендер санитарлық авиакөлік арқылы Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді.