Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев утилизациялық алымнан түсетін қаржының жалпы көлемін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Жалпы, утилизациялық алымнан түсетін қаржыдан, шамамен, 12 миллиард теңге қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және өңдеуге жұмсалады. Сосын көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын утилизациялауға тура сондай сома кетеді", - деді Брекешев журналистерге берген сұхбатында.
Министрдің айтуынша, биыл утилизациялық төлемдердің есебінен 690-700 миллиард теңге жиналады деген болжам бар. Осы орайда журналистер неге 700 миллиард теңгенің 24 миллиарды ғана өңдеуге жұмсалатынын сұрады.
Министрдің сөзіне қарағанда, одан бөлек басқа да шығындар бар.
"Жеңілдік сертификаттары (ескі көлік тапсыратын аламдарға берілетін ақшалай сертификаттар - Sputnik) бар. Басқа да шығындар бар", - деп атап көрсетті Брекешев.
Тілшілер министрге металл өңдеушілердің ұсынысын да жеткізді. Олар ескі көліктерді тегін жоюға дайын.
"Шынымен де, ондай ұсыныстар болса, біз талқылауға дайынбыз. Жалпы, қазір тергеу шараларының жүріп жатқанын білесіздер. Біз "Жасыл даму " АҚ-сының Оператор РОП-тан қалған барлық инвестициялық саясатын қайта қарастыруды жоспарлағанбыз. Сондықтан нақты ұсыныстарды қарауға әзірбіз", - дейді Брекешев.