Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов министрлікке наурыз айының соңына дейін жарамды зейнетақы жинағын пайдаланудың шекті мәндері бойынша ұсыныстар түспегенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сенат отырысында журналистер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2022 жылдың соңына дейін қазіргі жеткіліктілік шекті ұзартуды жоспарлап отыр ма, деген сұрақ қойды.
"Жеткіліктілік шегі туралы мәселені жан-жақты қарауымыз керек. БЖЗҚ-адамдар өздерінің лайықты зейнетақысына жинақтайтын қаражат. Егер біз осы жерден барлық ақшаны алып алсақ, ертең адам зейнет жасына жеткенде ең төменгі зейнетақыға шығатын болады, бұл дұрыс па? Сондықтан министрлік бірінші кезекте болашақ зейнеткерлердің құқықтарын қорғайды. Біздің ұстанымымыз: адам зейнет жасына жеткенде, адамның өзіне жететін зейнетақысы болуы тиіс", - деп жауап берді Шапкенов.