Көрнекі сурет: Pexels.com
Кезінде ең төмен балл алғандар мұғалімдікке баратын. Бұл туралы министр Асхат Аймағамбетов айтты. Қазір бұл тәжірибе артта қалды. Керісінше, мұғалімдікке барғысы келетін жастардың саны азайып келеді. Нәтижесінде саналы түрде баратындардың сапасы артты.
Президент осыған дейін де істелген реформалар, мұғалімнің мәртебесін арттыру бойынша жұмысты жалғастыру керек деп Үкіметке тапсырма берді. Яғни еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру керек. Бұл істе орта білім беру жүйесі маңызды рөл атқарады.
«Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты. Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады. Үздік оқу бағдарламасы, заманауи мектептер, озық басқару жүйесі болса да, ұстаз білікті болмаса, оның бәрі бекер екені анық. Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орындарына талапты, қабілетті жастарды қабылдауға баса мән беру керек», - деген еді Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында.
Білім беру жүйесінің табыстылығының негізгі көрсеткіштерінің бірі – педагогикалық кадрларды даярлау. Мысалы Финляндияда мұғалім мамандығы ең құрметті және сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Сонымен қатар, олар ең қатаң іріктеуден өткеннен кейін ғана мектеп мұғалімі болуға мүмкіндік алады. Мектепті үздік бітірген оқушы болашақта мүғалім мамандығын таңдайды. Ең жоғарғы жалақыны да мұғалімдер алады. Орташа есеппен 1 миллион теңгеден басталады. Мұнда жекеменшік, не біздің тілмен айтқанда «элиталық» мектеп деген атау мүлде жоқ. Барлық оқу орны бірдей мүмкіндікке ие. Мектепте оқушының өміріне қажетті дүниелер ғана оқытылады. Елде білім беру бағдарламасы бірыңғай жүйеге түскен. Қандай әдіспен оқытуды ұстаз өзі таңдайды. Сондықтан бір орынға – 15 мұғалім таласады.
Ал біздің елде жағдай
басқаша. Біз білімі мен ғылымы өркендеген елдердің тәжірибесін енді ғана
қолдана бастадық.