12 сәу, 2022 сағат 11:48

Үш айда 39 млрд теңгені құрайтын қаржылық бұзушылықтар анықталды - Жамаубаев


Осы жылдың үш айында 39 млрд теңгені құрайтын қаржылық бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы жылдың үш айында 3,2 трлн теңгеден астам сома болатын, шамамен 186 мың мемлекеттік сатып алу рәсімі камералдық бақылаумен қамтылды. Тексеру қорытындылары бойынша 9 912 рәсімнен бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде мемлекеттік аудит объектілері бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың 91 пайызыдан астамы орындалды», - деді Ерұлан Жамаубаев. 

Оның айтуынша, 500-ден астам аудиторлық іс-шара өткізілді. Аудитпен 1,5 трлн теңге бюджет қаражаты қамтылды. 

«Сомасы 39 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету мен жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есепке алу жолымен 33 млрд теңгенің бұзушылықтары жойылды. Аудит объектілері қызметінің тиімділігін жетілдіру және арттыру үшін 400-ден астам ұсыным берілді», - деді министр.