30 нау, 2022 сағат 16:05

Үржар ауданы жаңадан құрылатын Абай облысының құрамына кіреді – мәслихат


Үржар ауданының жаңадан құрылатын Абай облысы құрамына кіруін жергілікті мәслихат депаутаттары қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихат депутаты Зухра Тұрапованың айтуынша, бүгін мәслихаттың кезектен тыс 14 сессиясы өтті. 

«Сессияда 2021-2024 жылдарға арналған аудан бюджетіне өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ Қабанбай мен Бақты ауылдарының Бас жоспарлары бекітілді. Қаралған ең негізгі мәселе – Үржар ауданы әкімшілік-аумақтық құрылысын жаңадан құрылатын Абай облысына беру туралы ұсыныс. Мәслихат депутаттары бұл ұсынысты бірауыздан қолдадық», - дейді Зухра Тұрапова.