10 сәу, 2018 сағат 15:24

Ұрланған 2,7 млн АҚШ доллары елге қайтарылды – Бас прокуратура

Миллиардтаған қаржы ұрлады деген күдікпен «Samsung Electronics» компаниясының бұрынғы қызметкері АҚШ-тан Қазақстанға қайтарылды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасы Фейсбуктегі парақшасында

«Аталған компанияның бұрынғы қызметкері Т.Ж. Наурызбаевты елге қайтару Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен АҚШ Әділет департаментінің Тергеу федералды бюросы арасындағы ынтымақтастығының нәтижесінде мүмкін болды. Т.Ж.Наурызбаев 4 млн астам долларды қолды қылған»,  - делінген хабарламада. 

Бас прокуратураның хабарлауынша, тараптардың үйлесімді жұмысының арқасында жәбірленуші компанияға қаражатының көп бөлігі (2,7 млн АҚШ доллар) өндірілген.

Өткен жылдың соңында Наурызбаев Қазақстанға АҚШ-тан депортацияланды. Ол биылғы жылдың ақпан айында Медеу аудандық соттың үкімімен Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.