07 шіл, 2022 сағат 16:10

Ұлытаулық ақсақал қымыз мейрамын жандандыруды ұсынды


72 жастағы қарт Сәрсенбай Қотырашов елімізде қымыз мейрамының қайта жандануын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дүниежүзінде жылқыны бірінші болып қолға үйреткен – қазақ халқы. Бие сауып, қымыз ашытып, қымыз ішуді бастаған да қазақ. Осыдан 5 мың жыл бұрын қымыз мейрамы пайда болған. Елімізде қымыз мейрамы Қазан төңкерісіне дейін тойланып келді. Кейін тыйым салынды. Кезінде Наурыз мейрамы секілді ұмытылып кетті. Ешкім біле қоймайды, білетіндер бірен-саран ғана. Осы орайда қымыз мейрамын қайта жандандыратын уақыт келді», - дейді Сәрсенбай Қотырашов. 

Ақсақал елімізде қымызмұрындық мейрамының ресми белгіленгенін дұрыс санайды.

«Сәрсенбай атамыз спортпен шұғылданып, жаяу жүруге арнайы дайындалмаған. Бірақ елді жаяу аралауды бұрыннан жоспарлап келген. Жай ғана аралап қоймайды, атамыздың өз мақсаты бар. Еліміздегі қолөнер шеберлерінің басын қосып, тізімін жасағысы келеді. Бұл кісі өзі зергер. Қазір қолында 418 қолөнер шеберінің тізімі бар. Егер тізім 1 мыңға жетсе ЮНЕСКО қолөнер шеберлеріне арналған арнайы сайт ашып береді. Сол арқылы отандық зергерлер өз өнімдерін шетелге ұсынып, сата алады», - деді 72 жастағы қарттың көмекшісі Бақтияр Қожахметов. 

Бұған дейін ұлытаулық қарт Сәрсенбай Қотырашовтың Қазақстанды жаяу аралап жүргенін хабарлаған болатынбыз. 

Ақсақал 4 мың шақырымды жаяу бағындырып бүгін елордаға жетті.