Ұлытаудың 72 жастағы тұрғыны Сәрсенбай Қотырашев бүкіл Қазақстанды жаяу аралап, Петропавлға жетіп қалды. Марафоншы 111 күнде Қазақстанның 15-тен аса қаласын жаяу жүріп өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қазақстандықтар мен ел қонақтары мені көріп, сапардың мақсатын естіген бойда қолдау білдіреді. Денсаулық, ақ жол тілейді. Әр қалада мені қонақжайлықпен қарсы алады. Қолдау мен жылы лебіздің арқасында мақсатыма күн сайын жақындап келемін", – дейді саяхатшы.
Марафоншының бірнеше мақсаты бар. Туып-өскен, еңбек еткен жері туралы айтқысы келеді. Отандық қолөнершілер туралы мағлұмат жинап, "Көкмайса" қымыз фестивалін кеңінен насихаттағысы келеді. Марафоншының ойынша, бие сүтін ішу фестивалі ұлттық игілікке айналуы тиіс. Айтпақшы, Сәрсенбай Қотырашов жүрген жерінде қымыз ішіп жүруге тырысады. Сусын оған күш пен қуат береді. Ақсақал күніне кемінде 40 шақырым жаяу жүреді.
"Кейде күніне 90-100 шақырым жаяу жүремін. Бұл тоқтауға көп уақыт кететін жағдайларда. Өтіп бара жатқандар бірге суретке түсуді сұрайды, сонымен қатар оларды қызықтыратын сұрақтарға жауап беремін. Марафон кезінде 14 рет арбаның доңғалақтарын ауыстырдым. Аяқкиім тозды, 6 жұп ауыстырдым", - деп бөлісті ақсақал.