Фото: Polisia.kz
Ұлытау облысында жол апатынан 5 адам қайтыс болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.
"27 шілде сағат 15:20 шамасында Жезқазған-Қарағанды тас жолында Toyota 30 автокөлігі мен жүк көлігі соқтығысты. Салдарынан Toyota-ның жүргізушісі мен 4 жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Аталған дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады" - делінген ІІМ баспасөз қызметі хабарламасында.
Полиция көлік жүргізушілерінің жолдағы сақтық шараларын естен шығармауды ескертеді.