04 нау, 2023 сағат 10:15

Ұлытау кенішіндегі төбелес: полиция түсінік берді - видео


Әлеуметтік желіде Ұлытаудағы шахталардың бірінің аумағында жұмысшыны ұрып-соғу сәтінің видеосы тарады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Видеодан белгісіз екі азамат ғимараттың дәлізінде бір ер адамды ұрып-соғып жатқанын көруге болады. 

"Бұл жанжал Ұлытау облысындағы кеніштердің бірінің аумағында болғаны анықталды. Бұл факт ҚР ҚК 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тіркелді.

Екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген облыстық ПД хабарламасында.