22 нау, 2017 сағат 21:24

Ұлыбритания парламентіндегі атыс: Өлгендер мен жараланғандар бар

Ұлыбритания парламенті ғимараты маңында бірнеше адамға қарсы оқ атылды, - деп хабарлады парламенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Reuters агенттігі. Агенттік дерегінше, кемінде екі адам жараланған.

 

Кейбір дерек көздері кемі алты, әйтпесе 10 адам жараланғанын айтады, - деп жазады BBC. Агенттіктің парламент мүшесі Дэвид Лидингтонға сілтеме жасап хабарлауынша, белгісіз бір адам полицейді пышақтаған, бұдан кейін оны полиция атып тастаған.

 

Парламенті ғимараты маңындағы Вестминстер көпірінде бірнеше адамды машина басып кеткені де хабарланды.

 

Парламент жұмысы тоқтап, ғимарат жабылған. Полиция әзірше ешбір түсініктеме берген жоқ. Оқ атқан кім екені белгісіз.