Ұлттық жобалардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу кеңсесінің жетекшісі Арман Евниев ұлттық жобаларды жүзеге асыру жұмыстары жайында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айта кетейік, жақында ҚР Президенті Ұлттық жобалар тізбесін бекіту туралы Жарлыққа қол қойды.
Ұлттық жобалардың іске асыру үдерісіне мониторинг жүргізуді жүзеге асыру мақсатымен Қазақстан Республикасының Үкіметі матрицалық құрылым негізінде Ұлттық жобалардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу офисін құрды.
Кеңсе қызметкерлері мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдардың ағымдағы штатты қызметкерлерінің қатарынан жасақталған. Бүгін Орталық коммникациялар орталығында кеңсе жетекшісі Арман Евниев аталған ұлттық жобалар бекітіліп, тиісті шешім жасалғанын еске салды.
«Әр жобаның көрсеткіштері мен индикаторлары бар. Жобалық менеджменттің тәсілі мен талабы осы нәтижелерге жеткізуді көздейді. Біздің офис жасақталғаннан бері арнайы қажетті нормативтік-құқықтық база құрылды. Атап айтқанда, осы жұмыстың барысында әр ұлттық жобаны нәтижеге, жоспарланған көрсеткіштерге жеткізу ескерілген. Күнделікті мониторинг жасалады. Тиісті қаулыда көптеген жаңашылдықтар мен инновациялық тәсілдер бар. Оның бірі – жобалық- желілік жүйені құру. Бұл тұрғыда аталған қаулының негізінде әр азамат, әр сарапшы осы мониторингіге қатыса алады», - деді А. Евниев.
Атап айтқанда, белгілі бір салаларда қажетті машықтарды игерген және ниетті кез келген еліміздің азаматы белгілі бір жобалық рөлді атқара отырып, тиісті ұлттық жобаларға кіретін кез келген жобаны жүзеге асыруға нақты атсалыса алады дегенді білдіреді. Таратылған мәліметке қарағанда, қазіргі кезде Президент әкімшілігі мен Үкіметтің тапсырмасына сәйкес, жобалық басқарудың біртұтас экожүйесін қалыптастыру жұмысы аяқталып келеді. Экожүйеге матрицалық құрылымның негізінде мемлекеттік органдар мен оларға бағынышты мекемелердің штатты қызметкерлерінен құралған 44 жобалық офис кіреді.
Кеңсе ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ұлттық жобаларға онлайн-мониторинг жүргізетін жүйені әзірлеп қана қоймай, сонымен қатар барлық 44 жобалық офиске ұйымдастыру-әдістемелік қолдау көрсету және оқытумен айналысады. Өз кезегінде ҚР ҰЭМ Жобалық басқару саясаты департаментінің директоры Илона Шварцкопф жобалық басқаруды жүргізудің ережесінде жобаларды жүзеге асыру барысына мониторингі үшін қоғамдық топтарды құру ескерілгенін айтты.
«Ұлттық жобаларды жүзеге асыруда ел азаматтарын белсенді қатысуға шақырамыз», - деді И. Шварцкопф.