18 қыр, 2024 сағат 12:20

Ұлттық құрылтай ол - диалог алаңы


Фото:baq.kz алынды
Ұлттық құрылтайдың қоғамға берері мол. Елімізде ұлт тағдырына алаңдайтын қоғам қайраткерлері мен ел жанашырлары мінберде тұрып, шынайы халықтың әл-ауқатын жеткізіп, оның шешімін шығаруға ат салыса алады.

Дегенмен, өз деңгейінде өткізілуі үшін әлі көптеген жұмыстар атқарылуы керек дейді маман. 

«Ұлттық құрылтай ол - диалог алаңы. Сондықтан өңір-өңірдегі белсенділер тайсалмай Президенттің алдында ашық айтуы керек. Сол кезде бұл жиындардың маңыздылығы артады. Ал қазір ұлттық құрылтайдың бізге беріп жатқаны шамалы. Себебі біржақтылы болып жатыр. Президент тек өзі ғана мәселелерді көтеріп, айтып жатыр. Басымдылықты көбірек ұлт зиялыларына берсек, отырыстардың берері көбірек болар еді. Әрине, бұл тек айқын мәселелерді көтеретін орта емес, білім, ғылым, тарих, өнер, ұлттық тәрбие сынды түрлі салаларды қамтитын диалог алаңы», - дейді саясаттанушы Талғат Жанысбай. 


Қорытындылай келе, Ұлттық құрылтай тарихи тұлғалардың рөлін, мәдени мұраны насихаттау мен жаңғырту мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Бұл қазақ халқының ұлттық коды мен құндылықтарын сақтап қалуына ықпал етеді. Мемлекет басшысының айтуынша, ұлттың жаңа келбетін айқындайтын негізгі құндылықтар – тәуелсіздік және отаншылдық, бірлік және ынтымақ, әділдік және жауапкершілік, заң және тәртіп, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік, жасампаздық және жаңашылдық. Еліміздегі әрбір азамат осы басты құндылықтарды берік ұстануы керек. Президент ұсынған «Адал азамат» ұғымы мұның бәрін түгел қамтиды. Сонымен бірге бұл Әділетті Қазақстан идеясымен үндесіп жатыр.