Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов Мәжіліс депуттарының Ұлттық қор өаражаты туралы сауалына жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Сіздердің Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалану жөніндегі депутаттық сауалдарыңызды қарап, мынаны хабарлаймын. Бюджеттің ағымдағы шығыстарына Ұлттық қордың қаражатын шексіз алуды тоқтатуға және бюджетке жыл сайынғы кепілдендірілген трансферттерден бас тартуға қатысты Бюджет заңнамасына сәйкес трансферттер бюджеттің кіріс бабының ажырамас бөлігі болып табылады. Елдегі және әлемдегі қалыптасқан макроэкономикалық жағдайды ескере отырып, бюджетке жыл сайынғы трансферттерден бас тарту бюджеттің айтарлықтай тапшылығына алып келуі мүмкін», - деп жазылған жауапта.
Сондай-ақ, Үкімет басшысының бірінші орынбасары Ұлттық қордың кепілдендірілген трансферттері тұрақтандыру функциясын жүзеге асыру үшін қажет екенін еске салады.
«Ұлттық қордың жинақтау функциясын орындау мақсатында Мемлекет басшысының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 474 Жарлығымен Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына контрциклдік бюджет қағидасы бөлігінде өзгерістер енгізілді. Мәселен, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт бойынша бюджет қағидасы инфляция бойынша ұзақ мерзімді мақсатқа ұлғайтылған нысаналы ұзақ мерзімді экономикалық өсу деңгейінде мемлекеттік шығыстардың өсу қарқынына тікелей шектеу белгілейтін контрциклдік тетікпен күшейтілді. Кепілдендірілген трансферт тиісті жоспарлы кезеңге арналған кепілдендірілген трансферт туралы Қазақстан Республикасының Заңында 2 айқындалатын кесімді баға кезінде мұнай секторынан Ұлттық қорға түсетін түсімдер мөлшерінен аспайтын мөлшерде айқындалатын болады», - деп жазады Әлихан Смайылов.