Нарықтың жоғары құбылмалылығына қарамастан, Ұлттық қордың инвестициялық кірісі оң болды. Бүгін Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2020 жылы Ұлттық қордың активтері 4,8 трлн теңге сомасындағы трансферттердің рекорд көлеміне және 2019 жылмен салыстырғанда түсімдердің 2 еседен астам қысқаруына байланысты 58,74 млрд АҚШ долларына дейін 3,1 млрд АҚШ долларына төмендеді. Нарықтың жоғары құбылмалылығына қарамастан, Ұлттық қордың инвестициялық кірісі оң болып, 4,15 млрд АҚШ долларын құрады», - деді Е. Досаев.
Оның айтуынша, дамушы елдер облигацияларының, корпоративтік облигациялар мен акциялардың үлесін ұлғайту есебінен кірістілікті одан әрі арттыру - Ұлттық банктің Ұлттық қордың активтерін басқару жөніндегі 2021 жылғы негізгі міндеті.