Үкімет Ұлттық қордан 2022 жылға арналған республикалық бюджетке түсетін трансфертті бірден 1,6 триллион теңгеге арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Президенттің Үкімет алдына қойған міндеттерін іске асыру және республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылға бекітілген Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшерін 4 триллион теңгеге немесе 1,6 триллион теңгеге дейін ұлғайтып, оны түзету ұсынылады", - деді Қуантыров Үкімет отырысында
Оның айтуынша, Қазақстан экономикасының өсу болжамы 3,9-дан 2,1 пайызға төмендеген. Атаулы ЖІӨ 91,5 триллин теңгеге бағаланып отыр, бұл бекітілген болжамнан 4,5 триллион теңгеге жоғары.