19 қаз, 2022 сағат 12:37

Ұлттық қордан бюджетке қанша қаражат бөлу жоспарланып отыр?


Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2023-2025 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заңға өзгеріс енгізу туралы құжат жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

Бұл құжат еліміздің Ұлттық қорынан республикалық бюджетке 2023 жылға арналған кепілдендірілген трансферттің көлемін 2 200 миллиард теңге, 2024 жылға - 2 000 миллиард теңге, 2025 жылға - 1 900 миллиард теңге сомасында бекітеді.

"Ол сондай-ақ мұнайдың кесімді бағасын мына көлемде анықтайды: 2023 жылы - барреліне 48,9 АҚШ доллары, 2024 жылы - барреліне 42,2 АҚШ доллары, 2025 жылы - барреліне 40,3 АҚШ доллары.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы ұйымдарынан түсімдер 2023 жылы - 2 251,6 миллиард теңге, 2 026,6 миллиард теңге және 2024 және 2025 жылдары 1 956,8 миллиард теңге болады деп болжанып отыр", - деді мәжілісмен Марат Құсайынов.