10 мау, 2021 сағат 13:50

Ұлттық қорда қанша актив бар?


Ұлттық қорға 450 млрд теңге түсім түсті. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ұлттық қор активтері биылғы мамырдың соңында бір айда 827 млн АҚШ долларына ұлғайып, 58,5 млрд АҚШ долларын құрады. Биылғы мамырда 251 млрд теңгеге нысаналы және кепілдендірілген трансферттер бөлуді қамтамасыз ету үшін 553 млн АҚШ доллары сатылды. Ұлттық қорға түсімдер 450 млрд теңге, оның ішінде шетел валютасында – 720 млн АҚШ доллары немесе 308 млрд теңге болды», - деді Ерболат Досаев Үкімет отырысында. 

Спикердің айтуынша, Ұлттық қордың инвестициялық кірісі биылғы мамырда 661 млн АҚШ доллары немесе 1,15% болған. 

«Жыл басынан бері Ұлттық қордың инвестициялық кірісі негізінен акциялар нарығындағы өсудің жалғасуына және облигациялар нарығындағы қалпына келуге және биылғы сәуір-мамырдағы алтын бағасының өсуіне байланысты 1,64 млрд АҚШ долларын немесе 2,84%-ті құрады», - деп түсіндірді Ұлттық банк төрағасы.