11 там, 2021 сағат 12:35

Ұлттық қор активтері бір айда 450 млн долларға азайған


Бүгін Үкімет отырысында биылғы жеті айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуды талқылау кезінде Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Ұлттық қор активтері туралы айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ұлттық қордың активтері бір айда 450 млн АҚШ долларға азайып, биылғы жылғы шілденің соңында 56,9 млрд АҚШ долларын құрады. Биылғы шілдеде 477 млрд теңгеге трансферттер бөлуді қамтамасыз ету үшін 1,11 млрд АҚШ долларына валюталық активтер сатылды. Осы жылғы шілдеде Ұлттық қорға келіп түскен түсімдер 40 млрд теңге, оның ішінде шетел валютасында 65 млн АҚШ доллары болды», - деді Досаев. 

Оның айтуынша, биылғы шілдеде Ұлттық қордың инвестициялық кірісі оң қалыптасты және 590 млн АҚШ доллары болды. 

«Қаржы нарықтарындағы құбылмалылыққа қарамастан, Ұлттық қордың инвестициялық кірісі республикалық бюджетке трансферттердің үштен бірін өтеп, өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі 1,3 млрд АҚШ долларымен салыстырғанда осы жылдың басынан бері 2 млрд АҚШ доллары немесе 3,5% болды», - деді ҰБ басшысы.