16 қарашада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысы өтеді. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі, Ұлттық кеңес хатшысы Ерлан Қарин Telegram-дағы парақшасында жазды.
«16 қарашада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысы өтеді. Отырыс онлайн форматта өткізіледі. Отырыстың күн тәртібінде Ұлттық кеңес шеңберінде бұрын берілген Президент тапсырмаларының іске асырылу барысын, сондай-ақ қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму жөніндегі ұлттық кеңес мүшелерінің ұсыныстарын талқылау жоспарлануда», деп жазды Ерлан Қарин.