26 қаң, 2021 сағат 10:21

Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 35,7 млрд АҚШ долларына жетті

Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 35,7 млрд АҚШ долларына жетті. Бүгін Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 2020 жылы 6,7 млрд АҚШ долларына ұлғайып, 35,7 млрд АҚШ долларына жетті. Алтын портфелі 4,7 млрд АҚШ долларына өсіп, 2020 жылдың соңында 388 тоннаны құрады», - деді Е. Досаев. 

Оның айтуынша, алтын-валюта резервтерінің құрамындағы еркін конвертацияланатын валютадағы активтер бір жыл ішінде 2 млрд АҚШ долларына ұлғайып, 12,1 млрд АҚШ долларына дейін өсті. 

«Жалпы алғанда, Ұлттық қордың активтерін қосқанда, Қазақстанның халықаралық резервтері 2020 жылы 3,6 млрд АҚШ долларына ұлғайып, 94,4 млрд АҚШ долларын құрады», - деді ҰБ басшысы.