Қазақстан Ұлттық банкі «Қазақстанның флорасы мен фаунасы» монеталар сериясынан номиналдары 200 және 100 теңгелік мельхиор қорытпасынан «TORAŃǴY» коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ТORAŃǴY (Тораңғы) – түрлі жапырақты терек. Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Әр түрлі халықтардың қасиет көретін құрметті ағашы болады. Олардың әрқайсысына тән өз аңызы бар. Жапондарда ол – сакура, еуропалықтарда – емен, үнділерде – Секвоя, африкалықтарда – баобаб. Ежелгі көшпелілерде тораңғы – табынатын және қасиетті саналатын ағаш саналды.
Монетаның бет жағында (аверсінде) құқықтық бөлігінде тірі және өсімдіктерден жасалған коллаж айналымында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген. Ұлттық банктің тауар белгісінің (логотипі) бейнесі және номиналды монеталарды білдіретін «brilliant uncirculated» дайындау сапасымен нейзильбер қорытпасынан жасалған монетадағы «рrооf-like» және «100 TEŃGE» жазу мельхиор қорытпасынан жасалған. Монета жиегінде «QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI» және «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деп айналдыра жазылған жазу бар.
Сыртқы жағында (реверсінде) шөлді шағылдың фонында Тораңғы терегінің бейнесі («рrоof-like» сапасымен мельхиор қоспасынан монетада алтын жалату технологиясын қолдана отырып орындалған), жоғарғы оң жақ бөлігінде «TORAŃǴY» және «POPULUS DIVERSIFOLIA» (түрдің латынша атауы) деген жазулар бар.
Мельхиор және нейзильбер қорытпаларынан жасалған монеталардың аверс пен реверс бейнелері бірдей.
Номиналы 200 теңгелік монеталардың салмағы 15 грамм, диаметрі 33 мм, алтын жалатылған, «рrооf-like» сапасымен мельхиор МН 25 қорытпасынан жасалған, таралымы 7 000 (жеті мың) дана;
Номиналы 200 және 100 теңгелік коллекциялық монеталар олардың белгіленген құны бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аудару үшін қабылдануға міндетті. Қазақстан Республикасының барлық банкінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.