Ұлттық банк «Қазақстан үшін үлкен байестік векторлық авторегрессиялық модель құру» экономикалық зерттеуін жариялады. Осыған байланысты банктің ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявский түсініктеме берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Оның айтуынша, жұмыстың мақсаты – Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштерін болжауда байес векторлық авторегрессионды модельдерін (BVAR-модельдерін) қолдану тиімділігін бағалау. Бағаланатын BVAR- моделінің оңтайлы параметрлерін іздеу тест үлгісіндегі болжамдардың дәлдігі негізінде жүргізілді. Нәтижесінде қарапайым баламаларымен салыстырғанда Қазақстан үшін осы модельдерді қолданудың орындылығын эмпирикалық растау болды.
Зерттеу жұмысында модельдерді қайта құруға мүмкіндік беретін және макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау және болжау бойынша одан әрі пікірталасты ынталандыратын бастапқы код бар.
«Зерттеу жүргізу – ақша-кредит саясаты бойынша шешімдер қабылдау кезінде талдау құралдарды күшейтуге арналған инфляциялық таргеттеу саясатының ажырамас бөлігі. Зерттеулердің жариялануы ақпараттық асимметрияны төмендете отырып, Ұлттық банктің ашықтығы мен айқындығана да ықпал етеді»,- Ұлттық банк өкілі Денис Чернявский.