11 нау, 2022 сағат 17:30

Ұлттық банк төрағасының орынбасары тағайындалды


ҚР Ұлттық банкі төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Виталий Алексеевич Тутушкин Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Виталий Тутушкин еңбек жолын 1998 жылы ҚР Ұлттық банкінде бастады. Қаржылық тұрақтылық және тәуекелдерді басқару департаментінің, Зерттеулер және стратегиялық талдау департаментінің, Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры болды. 

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ұлттық банктің Алматы қаласындағы Тұрақты өкілдігінде Қаржы нарығымен өзара іс-қимыл департаментінің директоры қызметін атқарды. 

Ұлттық банкте жұмыс істеген кезінде ақша-кредит саясатын қалыптастыруға және жүзеге асыруға белсене атсалысты. Ол қаржы нарығын дамыту ісіне қатысты мәселелермен айналысып, қаржы нарығының қатысушыларымен және салалық қауымдастықтармен Ұлттық Банктің қызметін үйлестіру мәселелерін реттеді.