28 нау, 2019 сағат 18:02

Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметінен босатылды

Жанат Құрманов ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Жанат Бостанұлы Құрманов Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды», - делінген Ақорданың ресми сайтында.

Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен Есжан Амантайұлы Біртанов ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.