Елімізде ішкі ұсыныс төмендеп, мұнай өнімін тасымалдау тарифінің өсуіне байланысты бензин қымбаттады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Биыл ішкі ұсыныс төмендеп, мұнай өнімін тасымалдау тарифі өсуіне байланысты бензин 11,6 пайызға қымбаттағаны байқалады", - деді министр Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, биыл сәуірде Қазақстанда инфляция өткен айдағы көрсеткішке тең - жеті пайыз. Нан-тоқаш өнімдері, ет, қант және жеміс-көкөніс бағасына байланысты азық-түлік инфляциясы 10,7 пайыздан 9,8 пайызға дейін азайған.
"Іскерлік белсенділік, халық кірісінің қалпына келуі және импорт көлемі артқанына байланысты азық-түлік емес инфляция 5,6 пайыздан 6,4 пайызға дейін көтерілді. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ай сайынғы қымбаттауы 2017 жылдың қазанынан бері ең жоғары мәнді көрсетеді. Киім мен аяқ киім бағасының өсу қарқыны жылдық мәнде 5,5 пайызға дейін жеделдеді", - деді Досаев.