Ұлттық банктің төлем балансы департаментінің директоры Азат Өскенбаевтың төлем балансының ағымдағы шоты туралы айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ұлттық банк 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының төлем балансын алдын ала бағалауды қалыптастырды. Төлем балансындағы негізгі ағындардың серпіні жылдың бірінші жартысында мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуімен, кейінгі ОПЕК+ мәмілесімен, COVID-19 пандемиясымен және Үкіметтің экономиканы қолдау жөніндегі жауап шараларымен айқындалды.
«Алдын ала бағалау бойынша ағымдағы шот 5,9 млрд АҚШ доллары дефицитімен қалыптасты, бұл Ұлттық банктің 2020 жылға арналған болжамды күтулеріне сәйкес келеді. Ағымдағы шот дефицитінің негізгі себебі мұнай экспортының қысқаруы есебінен тауарлар экспортының төмендеуі болып табылады. 2019 жылмен салыстырғанда экспорт 46,9 млрд АҚШ долларына дейін 11,3 млрд АҚШ долларына (–19,4%) қысқарды. Сол кезеңде импорт 36,2 млрд АҚШ долларына дейін 3,9 млрд АҚШ долларына (–9,7%) төмендеді, бұл инвестициялық және аралық тауарларды әкелудің қысқаруына байланысты», - дейді Азат Өскенбаев.
Ағымдағы шоттың жай-күйі бір жағынан сауда балансы мен екінші жағынан шетелдік инвесторларға төленетін кіріс арасындағы тепе-теңдікке байланысты.
2020 жылы инвестициялық кірістің теріс балансы айтарлықтай төмендеді, бұл ағымдағы шот дефицитінің әлеуетті тереңдігін айтарлықтай тежеді. Тікелей инвесторлардың үлесіне келетін дивидендтер мен қайта инвестицияланған пайда 10,4 млрд АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың ұқсас көлемінен 35%-ға аз (16,0 млрд АҚШ доллары).
Тағы бір маңызды фактор – Қазақстан Республикасы мен Консорциум арасындағы дауды реттеу шеңберінде Қарашығанақ Консорциумының қатысушыларынан түскен 1,3 млрд АҚШ доллары сомасындағы валютаның елімізге әкелінуі. Бұл өтемақы төлемінің түсуі қайталама кірістің (трансферттердің) оң сальдосын 2,1 млрд АҚШ долларына дейін екі есеге ұлғайтты.
Кірістегі осы оң үрдістер 2020 жылғы 3-ші тоқсандағы сауда балансының теріс сальдосына қарсы салмақ көрсетті. Қорытындысында, 2020 жылы ағымдағы шот сальдосының 2019 жылмен салыстырғанда 1,3 млрд АҚШ долларына жақсаруы байқалады.