15 ақп, 2021 сағат 17:22

Ұлттық банк: Теңге бір апта ішінде 0,4%-ға нығайды

ҚР Ұлттық банкі 2021 жылдың 5 – 12 ақпан аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша 12 ақпанда теңгенің нарықтық бағамы апта ішінде 0,4%-ға нығайып, бір АҚШ доллары үшін 418,86 теңге болды. 

Сыртқы валюта нарығында 2021 жылғы 5 – 12 ақпан аралығындағы кезеңде дамушы елдер валюталарының серпіні АҚШ-та ынталандыру топтамасын қабылдау және коронавирусқа қарсы вакцинацияны қамтуды кеңейту жөніндегі күтулердің нәтижесінде оң болды. 

Ұлыбритания Үкіметі елде Covid-19-ды жұқтырудың қысқарғанына сенімді екенін білдірді, 14 млн-нан астам адам алғашқы екпені алды. АҚШ-та шектеу шаралары жеңілдету жоспарланған мерзімнен бұрын енгізілуде. Федералдық резервтік жүйенің төрағасы Джером Пауэлл қалпына келтіруді қолдау үшін жеңілдетілген ақша-кредит саясаты мен қосымша қаржылық ынталандырудың қажет екенін тағы да мәлімдеді.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:

- Оңтүстік Африка ранды инвесторлардың тәуекел дәрежесінің жақсаруы, сондай-ақ ел Президенті жаңартылатын энергия көздерін дамыту туралы жариялаған жолдауы аясында 2%-ға (14,84-тен 14,55-ке дейін) нығайды

- Ресей рублі мұнай бағасының өсуі аясында 1,4%-ға (74,65-тен 73,64-ке дейін) нығайды. РФ ОБ негізгі мөлшерлемені 4,25% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, сондай-ақ ақша-кредит саясатын жеңілдету циклін аяқтағысы келетіні туралы мәлімдеді;

- Мексика песосы АҚШ доллары бағамының жаһандық әлсіреуі аясында 0,7%-ға (20,09-дан 19,95-ке дейін) нығайды. Реттеуші экономиканы ынталандыру мақсатында тұрақты инфляцияға байланысты мөлшерлемені 4%-ға дейін төмендетті;

- Түрік лирасы тәуекел-сентименттің жақсаруы аясында 0,4%-ға (7,06-дан 7,03-ке дейін) нығайды. Айырбас бағамының нығаю серпініне байланысты шетел валютасында қорландыру құны айтарлықтай төмендеді, кредиторлар азаннан бастап шамамен $2 млрд тартты;

Үнді рупиясы 0,2%-ға (72,93-тен 72,76-ға дейін) нығайды. Үкімет айқындылықты арттыру мақсатында 2020 жылғы рекордтық 9,5% бюджет тапшылығы туралы және 2021 жылғы 6,8% болатыны туралы болжамын хабарлады.

Бұрын квазимемлекеттік сектордан қарыз алу бойынша бюджеттің баланстан тыс баптарын енгізу есебінен көрсеткіштер төмен болды;

- Бразилия реалы апта ішінде өзгерген жоқ, 5,38 деңгейінде қалды.