Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявский сәуір айындағы инфляция бойынша түсініктеме берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҰБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сәуірдегі сауалнаманың нәтижесіне сүйенсек, халықтың инфляциялық болжамы өсті. Инфляциялық күтулердің бір жыл алға сандық бағасы 7,2%-ды құрады. Келесі 12 ай ішінде бағаның қазіргі өсу қарқынының сақталуын не бағаның неғұрлым жылдам өсуін күтетін респонденттердің үлесі 47%-ға дейін өсті (наурызда – 44%).
Респонденттердің 85%-ы (наурызда 88%) азық-түлік өнімдерінің бағасы өсетінін айтты. Сәуірде азық-түлікке жатпайтын тауарлардың, соның ішінде жанармай мен құрылыс материалдары бағасының өсуін белгілеген респонденттердің үлесі 6,9%-ға (наурызда 4,5%). Қазіргі және болашақтағы қаржылық жағдай, сондай-ақ экономиканың даму перспективалары төмен бағаланғанда тұтынушылардың көңіл-күйі аздап бұзылды.
Тұтынушылық және ипотекалық несиесі бар респонденттердің үлесі төмендеді. Алдағы жылы несие алғысы келетін халықтың үлесі 18%-ға дейін азайды (2021 жылы қаңтарда – 20%). Сонымен бірге респонденттердің көптеп сатып алуларға дайындығы артты.
2021 жылы сәуірде экономиканың қысқа және ұзақ мерзімді күтулері оң аймақта болғанына қарамастан, үш ай бойы нашар болды.