12 сәу, 2022 сағат 11:53

Ұлттық банк ресейлік банктердің еншілес ұйымдарына көмек көрсетеді

Фото: elements.envato.com

Ұлттық банк санкцияға ұшыраған ресейлік банктердің еншілес ұйымдарына көмек көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстандағы Ресей банктері мен олардың еншілес ұйымдарына қатысты санкциялардың кеңеюі осы банктер жұмысына, атап айтқанда, доллар, евромен аударымдарға және карточкалық операцияларға әсер етті. Өйткені Visa және Mastercard халықаралық төлем жүйелері карталар бойынша операцияларды шектеді.

Ұлттық банк банк клиенттеріне қызмет көрсетуді қолдауға бағытталған көмек көрсетеді. Ресейлік банктердің еншілес банктеріне қолма-қол теңге тұрақты режимде шектеусіз беріледі", - деді Пірматов Үкімет отырысында.

Ол осы банктерге қатысты енгізілген санкциялар мен шектеулер қазақстандық банктердің қызметіне әсер етпейтінін айтты.