Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров кейінгі күндері теңге неліктен нығайып жатқанын түсіндірді. Оның айтуынша, бағам нақты, Ұлттық банк интервенция жүргізбеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қуантыров теңгенің көктемгі құлдырауына бірнеше фактор себеп болғанын, соның бірі халықтың дүрлігуі екенін айтты.
"Бизнестің кейбір түрлері, халықтың бір бөлігі жаппай доллар сатып ала бастады. Тиісінше, теңге бағамына қысым жасалды. Содан кейін жағдай тұрақталды, қазір жағдай әлдеқайда жақсы екенін көріп отырмыз. (...) Ұлттық банк кейінгі айларда интервенция жүргізген жоқ. Сәуір мен мамырда өткізілмеді. Қазір бағам нақты", - деді министр.