Фото: kapital.kz
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов Қазақстанда қандай өнімдер едәуір қымбаттағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Ұлттық банктің мәліметінше, Қазақстанда инфляцияның айлық серпіні өткен жылдың наурызындағы күйзеліс мәнінен кейінгі ең жоғары деңгейден төмендеуіне қарамастан, алдыңғы 5 жылдағы орташа жылдық мәндерден асатын деңгейде қалып отыр.
"Инфляция біздің күткенімізге сәйкес дамып жатыр. Биыл ақпанда оның жылдық мәні 21,3 пайызды құрады. Ең көп үлесті азық-түлік бағасының өсуі жалғастырып жатыр, ол 26,2 пайызға жетті. Азық-түлікке жатпайтын инфляция 20,2 пайызға дейін өсті. Импорттық тауарлар бағасының өсуінің жалғасуына және оларға сұраныстың қолдауына байланысты. Ақылы қызметтердің инфляциясы 15 пайызға жетті", - деді Ақылжан Баймағамбетов.
Жеткізу тізбегін қайта құрылымдау, инфляцияның жоғары күтулері, фискалдық ынталандырудың жалғасуы және несиелендірудің ұлғаюы жағдайында инфляция жоғары деңгейде қалып отыр.