28 мау, 2021 сағат 22:37

Ұлттық банк дамушы елдердің валюталарына шолу ұсынды


ҚР Ұлттық банкі 2021 жылдың 18 маусым мен 25 маусым аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолуды ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

25 маусымдағы сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің нарықтық бағамы АҚШ доллары үшін 426,94 теңге болып қалыптасты. Осылайша, бір аптада 0,02% (427,82-ден) нығайды. 

2021 жылдың 18-25 маусымы аралығында сыртқы валюталық нарықта дамушы елдердің валюталары жан-жақты динамикадағы сипатта болды. 

АҚШ Президенті Д.Байден экономиканың инфрақұрылымын модернизациялау жөнінде 579 млрд долларға тең мәміле бойынша Конгресте алдын ала келісімге қол жеткені туралы жария етті. АҚШ ФРЖ төрағасы инфляция болжамнан асып түскенін, алайда, алдағы уақытта азаятынын мәлім етті. 

Англия банкі болса ақша-несие саясатының параметрлерін өзгеріссіз (0,1%) қалдыра отырып, инфляцияның жеделдеуіне қарамастан жуырда осы саясатты қатайту процесі басталады деген болжамдарды жоққа шығарды. Жаңа штамның салдарынан Covid-19 жұқтырғандардың саны артып, бұл әлемде тағы да шектеу шаралары енеді деген қауіп төндіріп отыр. 

Дамушы елдердің валюта бағамдарының қарқыны АҚШ долларына қатысты төмендегідей қалыптасты: 

• мексикалық песо негізгі ставка 4,25% дейін өскен соң (25 б.п.) және болашақта тағы өседі деген болжамға байланысты 4,1% нығайды (20,66-дан 19,82-ге дейін); 

• бразилиялық реал ОБ-тің 2021 жылы экономика 4,6% дейін өседі деген болжамға (3,6% - бұрынғы болжам) байланысты 3,1%-ға нығайды (5,09-дан 4,93-ке дейін); 

• оңтүстікафрикалық ранд АҚШ-та инфрақұрылымдық жоспарға қатысты мәміле алдын ала келісілді деген ақпараттың шығуына байланысты 1,4%-ға нығайды (14,35-тен 14,15-ке дейін); 

• Ресей рублі экспортерлерге салық төлейтін кез шарықтау шегіне жеткен соң, 1,2%-ға нығайды (72,93-тен 72,06-ға дейін);

• Түрік лирасы 0,3% әлсіреді (8,74-тен 8,77-ге дейін); 

• Үнді рупиясы 0,4% әлсіреді (73,86-дан 74,19-ға дейін). Мұнай котировкаларының өсімі Үнді елінің ұлттық валютасына қысым көрсетуде.