08 мау, 2021 сағат 16:18

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтеруге дайын - Ақылжан Баймағамбетов


Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов базалық мөлшерлеме деңгейін ұстап тұрудың себептерін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, қазір экономикада инфляциялық факторлардың әсері басым. Сыртқы инфляциялық қысым әлемдік сауда бағаларының өсуіне және Қазақстанның сауда серіктес елдеріндегі инфляцияның жеделдеуіне байланысты. Ішкі секторда инфляцияның жеделдеуіне жанар-жағармай материалдары бағасының өсуі және энергия өндіруші ұйымдардың тарифтерінің өсуі әсер етеді. 

«Осыған байланысты инфляциялық болжамдар инфляциялық күтулердің тұрақсыздығы жағдайында екінші инфляциялық әсер ету ықтималдығын арттырады, инфляцияның төмендеуін баяулатуы мүмкін жалпы инфляциялық жағдайларды өсіріп жібереді. Соған қарамастан, келесі жылы біз инфляцияның ішкі факторларының әсері таусылып, сыртқы инфляциялық қысым әлсірейді деп күтеміз»,-дейді Ақылжан Баймағамбетов. 

Осылайша, Ұлттық банк инфляцияны төмендету траекториясының біртіндеп тұрақтануын ескере отырып, базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтап қалу туралы шешім қабылдады. Базалық мөлшерлеменің бұл деңгейі инфляцияны бақылауды сақтауға және оны орта мерзімді перспективада жүйелі төмендетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

«Ұлттық банк сыртқы сектордағы және ішкі экономикадағы жағдайды мұқият бақылап отырғанын және инфляциялық факторлар қысымының одан әрі артуы және болжамды бағалаулармен салыстырғанда дезинфляцияның баяулауы жағдайында дайын екендігін атап өткім келеді», - дейді ол.