10 шіл, 2021 сағат 13:04

Ұлттық банк басшысы инфляцияның болжамды дәлізін атады


Ұлттық банктің болжамы бойынша инфляция 2022 жылдың екінші жартысында 4-6% нысаналы дәлізге оралады. Бұл туралы Ұлттық банк Төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, елімізде базалық мөлшерлеме өткен жылдың шілде айынан бастап 12 ай ішінде 9% деңгейінде сақталған. 

«Биылғы маусым айында азық-түлік бағасының 10,6%-ға өсуіне және бірінші кезекте көкөніс өнімдері бағасының айтарлықтай өсуіне байланысты инфляция 7,9%-ға дейін жеделдеді. Нәтижесінде азық-түлік нарығындағы теңгерімсіздік маусым айында тарихи максимумға дейін көтерілген инфляциялық болжам ықтималдығы тұрақты байқалды. Сонымен қатар, 87 респондент азық-түлік бағасының өскенін белгіледі. Осыған байланысты бағаның күрт өсуі аясында Үкімет, Ұлттық банк және жергілікті атқарушы органдар үшін осы жылдың екінші жартысында азық-түлік инфляциясын тежеу басты басымдық болып табылады», - деп баяндады Ерболат Досаев. 

Сондай-ақ, ол іскерлік белсенділік пен тұтынушылық сұраныстың қалпына келуі жағдайында инфляцияның азық-түлік емес және сервистік компоненттерін жеделдету қайта басталғанын, олар өткен жылы карантиндік шектеулерге байланысты тежелгенін атап өтті. 

«Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша бағаның өсуі жеделдеуін ескере отырып, Ұлттық банк 2021 жылдың қорытындысы бойынша инфляция белгіленген таргеттен асып, 2022 жылдың екінші жартысында 4-6% нысаналы дәлізге оралады деп күтеді», - деді Ұлттық Банк жетекшісі.