Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев 2021 жылдағы инфляция деңгейі туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«2021 жылы Ұлттық банк инфляцияны ағымдағы 7,5% деңгейінен 4-6% нысаналы дәлізіне қайтару міндетін қойып отыр. Орта мерзімді перспективада бұл Сіздің Nur Otan партиясының ХХ съезінде айтқан инфляцияның 3-4 пайыздық мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік береді», - деді Е. Досаев Мемлекет басшысына қарата айтқан сөзінде.
«Бұл үшін Ұлттық банк Сіздің тапсырмаңыз бойынша мемлекеттің макроэкономикалық саясатының тиімділігін арттыру бойынша жүйелі шаралар көзделетін Ақша-кредит және макроэкономикалық саясатының 2030 жылға дейінгі стратегиясын әзірледі», - деді ҰБ басшысы.