19 мам, 2022 сағат 20:48

Украинаның бақсы-балгерлері басқыншыларға теріс бата беріп жатыр - видео


Украинадағы бақсы-балгерлер соғыс кезінде де қол қусырып отырған жоқ. Олар Ресей әскерилерін қарғап-сілеп, дұға оқып, ырым-жоралғыларын жасап, теріс бата беріп жатыр, деп жазады halyq-uni.kz сайты.

Мысалы, кеше Елена Стеценко деген экстрасенс, бақсы-балгер, белгілі мольфар Ресейдің офицерлері мен солдаттарына өлім тілеп, ырым-жоралғыларын жасаған.

"Біз өзіміздің азаматтарымыз үшін кек аламыз. Біздің елге соғыс ашып, қару асынып келген ешкім тірі қайтпайды", – деді ол.


Бұған дейін ол Ресей әскерінің шабуылдары сәуір айының ортасына дейін болатынын, сол кезден бастап Украинаның қарулы күштері қарсы шабуылға шығып, мамыр айының соңында жауды Ресейдің шекарасына дейін қуып тастайтынын айтқан болатын. 

"30-31 мамырда соғыс бітеді. Украина жеңеді", – деді ол.

Сонымен бірге украинның тағы бір белгілі мольфары Орест Стафийчук те Ресейдің болашағына болжам жасап, ол елді ыдырау күтіп тұрғанын айтқан еді.

Егер Украинадағы қазіргі жағдай жалғаса беретін болса, Ресейді сұмдық күйреу, дағдарыс, күйзеліс, аштықтан туатын көтеріліс күтіп тұр. Оның соңы елдің бірнеше бөлікке бөлініп кетуіне әкеліп соғуы мүмкін, – деді Стафийчук.

Мольфар (украин сөзі) – қабілеттері бар көріпкел, емші, тәуіп адам. Ол өзінің дұғасы мен тілегін пайдаланып, емшілікпен де айналысады. Шөптердің дәрі-дәрмектік қасиеттерін де өте жақсы біледі.