03 нау, 2022 сағат 00:31

Украинаның Львов қаласынан кезекті Қазақстан азаматтары эвакуацияланады


3 наурызда Украинаның Львов қаласынан тағы бір топ Қазақстан азаматтары эвакуациялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Украинадағы елшілігіне сілтеме жасай отырып.

«Құрметті Қазақстан азаматтары! 2022 жылы 3 наурызда таңғы сағат 08:30-да Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігі Львов қаласындағы отандастарымызды эвакуациялау үшін автобус жіберуді жоспарлап отыр. Автобуста 18 адамға орын бар», - делінген хабарламада. 

Елшіліктің мекенжайы: Киев қаласы, Ю.Ильенко, 26, байланыс телефоны +38 (044) 483-15-96. 

Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялауға қатысты маңызды ақпараттарды елшіліктің әлеуметтік желідегі және мессенджер парақшалардан танысып, біле аласыздар: 

Инстаграм – kazembukr 

Фейсбук – KazEmbassyUkr 

Телеграм – t.me/KZembassyinUKR